Harmony Rider Technology қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

133

Ақтөбе облысында 197 млн теңге "пайда" тапқан қаржы пирамидасының былығын прокурорлар әшкереледі.  

Harmony Rider Technology қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды Фото: liter.kz

Ақтөбе облысында инвестициялық жоба ретінде жасырылған Harmony Rider Technology (HRT) қаржы пирамидасының заңсыздықтары анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өзін электросамокаттарды жалға берумен айналысатын америкалық компания ретінде таныстырған бұл ұйым азаматтарға күн сайын 12-ден 690 АҚШ долларына дейін табыс табуды уәде еткен.

Сондай-ақ, жаңа инвесторларды тартқаны үшін криптовалюта түрінде бонустар ұсынылған. Алайда іс жүзінде төлемдер жаңа салымшылардың қаражатынан жүзеге асырылып отырған. Бұл қаржы пирамидасының айқын белгілерін көрсетеді.

"Алаяқтық схема салдарынан 100-ден астам адам зардап шекті. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 197 млн теңгені құрады. Ұрланған ақша криптовалюта әмияндарына, содан кейін жеке банк шоттарына аударылған.

Қылмыстық іс аясында 70 млн теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды. Тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді кәсіпорындарға қаражат салмауға шақырады. Аталған компанияларды ресми "Baiqa, piramida!" Telegram-боты арқылы тексеруге болады", – делінген прокуратура хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу