Тиісті құжат сайлау комиссиясының сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Осы хатпен біз сіздерге вице-президент Харрис енді 2024 жылғы сайлауда вице-президенттікке үміткер емес екенін хабарлаймыз. Вице-президент Харрис – қазір 2024 жылғы сайлауда Америка Құрама Штаттарының президенттігіне кандидат және бұдан былай тек осы лауазымға ие болу үшін сайлау науқанын жүргізеді", – делінген құжатта.
Сондай-ақ, қазір президенттікке кандидаттардың өтініштеріне тиісті өзгерістер енгізіліп жатқандығы атап өтілген.
Жексенбі күні Джо Байден президенттік жарыстан бас тартқаны туралы хабарланды. Сондай-ақ, АҚШ президенті өзінің шешімі туралы аптаның соңында ұлтқа үндеуінде толығырақ айтуға уәде берді. Ол қайта сайлауға қатысқандардың барлығына алғысын білдірді. Алайда, кейінірек ол сайлау жарысынан шыққанына қарамастан, мерзімінен бұрын отставкаға кетпейтінін айтты.
Сол кезде вице-президент Харрис Демократиялық партиядан мемлекет басшысын сайлауға үміткер болуға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Ақ үй атынан емес, Байден-Харрис сайлауалды штабы тарапынан жасалды.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон мен оның әйелі, бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонның оны қолдап отыр. Клинтонның жұбы "оны қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға" дайын екендігін атап өтті.
Содан кейін оннан астам демократиялық сенаторлар вице-президент Харриске Демократиялық партиядан президенттікке жаңа кандидат ретінде қолдау білдіргені туралы хабарлама келді, деп хабарлайды Известия.