Харви дауылының салдарымен күреске шамамен $150-180 млрд қажет

748

Харви дауылының салдарымен күреске шамамен $150-180 млрд қажет

 

АҚШ-тың Техас штатында болған Харви дауылының салдарын жойып, қираған ғимараттарды қайта қалпына келтіруге 150-180 млрд доллар қажет болуы мүмкін. Бұл туралы Техас штатының губернаторы Грег Эббот хабарлады. Оның айтуынша, осы жолғы дауыл қиратқан аумақ "Катрина" мен "Сэндиден" де ауқымды болып отыр. Осы кезде қалпына келтіру жұмыстарына қажетті қаржы қалай төленетіні талқылануда. Ал, АҚШ президентінің әкімшілігі болса конгрестен 7,8 млрд доллар көлеміндегі алғашқы соманы бөлуді сұрады. Эббот бұны аванстық төлем дейді.  Төтенше жағдайлар жөніндегі федералдық агенттік өкілдері осы бағыттағы жұмыстарды қаржыландыруға жергілікті шенеуніктер де үлес қосулары керек деген пікірде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу