Ол судьяға өз кінәсін толығымен мойындамайтынын айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сот залында айыптау актісін мемлекеттік айыптаушы таныстырғаннан соң судья Айнагүл Тұқыбаева Қасымбаевтан кінәсін мойындайтынын не мойындамайтынын сұрады.
– Кінәмді толығымен мойындамаймын, – деді Х.Қасымбаев.
Еске салайық, ол былтыр қараша айында қамауға алынған еді.
Бас прокуратура Талғардағы адам ұрлау мен ұрып-соғуға байланысты істі қайта қараған болатын.
Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау баптары бойынша айып тағылып отыр.
Сот басталғаннан кейін айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыру жөнінде өтініш түсіргенін бұған дейін де жазған едік.
Судья Айнагүл Тұқыбаева бұл өтінішті қанағаттандырып, мемлекеттік айыптаушы сот залынан шығарылды.
Бүгінгі күні Х.Қасымбаевпен бірге айып тағылған өзге тұлғалардың да есімі белгілі болды.