Хасан Қасымбаевтың сот отырысы 20 тамызда басталады

225

Бірнеше бап бойынша айып тағылған кәсіпкер Хасан Қасымбаевтың ісі Талғар аудандық сотында қаралады. 

Хасан Қасымбаевтың сот отырысы 20 тамызда басталады Фото: бейнежазбадан

Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алғашқы сот отырысы 20 тамызға белгіленді. Бұған дейін, 21 шілдеде Алматы облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы істі айыптау актісімен облыс прокуратурасына жолдаған. 29 шілдеде прокуратура айыптау актісін бекітіп, істі сотқа жіберген.

Полиция мәліметінше, Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау деректері бойынша айып тағылған. Ол өткен жылдың қараша айында қамауға алынған.

Бұған дейін 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты кейбір тұрғындар Қасымбаевты "Хуторские" тобының басшысы болуы мүмкін деп атаған еді. Кейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов бұл іске қатысты түсініктеме берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу