Хатай қаласындағы қазақстандықтарды үйінділер астынан құтқару үшін кран қажет

497

Бір күн бұрын осы жерден Қазақстанның азаматы табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

Хатай қаласындағы қазақстандықтарды үйінділер астынан құтқару үшін кран қажет Фото: rescuekz

Түркияда Хатай қаласында жоғалған қазақстандықтарды іздеу жалғасуда. Жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен және қазір үйінділердің астында жатқан Мирболат Құрмашевтің ағасы іздеу жұмыстары туралы айтып, кран түрінде көмек сұрады.

"Бір тәулік ішінде олардың (Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбеков) осында (қираған үйдің үйінділерінің астында) екені анықталды, мұнда елшіліктің, консулдықтың өкілдерінің ешқайсысы келмегеді, көмектесуге ниет білдірмеді. Таңертеңнен бері біздің достарымыз осында, жергілікті құтқарушыларға көмектесуге тырысып бағуда, үйінділерді өз қолымызбен тазалап жатырмыз. Бізге үйінділерді көтеріп, достарымызды құтқару үшін крандар ауадай қажет", - деді Алмат Құрмашев.

Олардың ақпараты бойынша, жоғалып кеткен екеуі құлаған ғимараттың астында - осы уақытқа дейін олардың әріптесі Сабина Мамадярова тірі табылған жерде 6 метр тереңдікте қалған.

"Біздің жігіттерді табуға көмектесетін барлық нәрсе қажет. 70 тонналық Кран, FPV дрондар немесе камерасы бар радио басқарылатын машиналар, жылу түсіргіштер, аудио сенсорлар. Барлығы қажет", - деді Алмат Құрмашев.

Astana Hub технопаркінің қызметкері Мирболат Құрмашев осы уақытқа дейін туыстарымен байланысқа шықпаған, ол Антакияда (Хатай) жоғалып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу