"Хазар мен Қаламқас-теңіз" жобалары Қазақстанға қайтарылды

1052

Аталған аймақтарды елге қайтарылғаны туралы Энергетика министрлігінің баспасөз-қызметі хабарлады.

"Хазар мен Қаламқас-теңіз" жобалары Қазақстанға қайтарылды

"Министрлік жобаны жүзеге асыру бойынша арнайы Жол карта әзірлеуде",делінген ведомства таратқан хабарламада.

Бұған дейін халықаралық консорциум акционерлері NCOC (North Caspian operating company) мен Shell бұл жобалардан шыққанын айтқан. Мұның басты себебі ретінде аталған компаниялар Хазар мен Қаламқас-теңіздің экономикалық тиімді еместігін көрсеткен.

Бұл ретте Энергетика министрлігі геологиялық барлау саласын реттеу жеңілдетілгендіктен теңіз жобаларын жүзеге асыру көлемі ұлғайғанын айтты.

"2025 жылға дейін Исатай, Абай, Жеңіс жобалары бойынша жоспарланған инвестиция көлемі 136 млн доллар көлемінде",деді Энергетика министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу