HeadHunter президенті Михаил Жуков өмірден озды

341

HeadHunter (HH) рекрутинг қызметінің президенті Михаил Жуков қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.  

HeadHunter президенті Михаил Жуков өмірден озды Фото: mail.kz

"HeadHunter және біздің қызметкерлер үшін Михаилдың қайтыс болуы орны толмас ауыр қаза. Біз оның барлық отбасы мен достарына көңіл айтамыз", - деді HH мәлімдемесінде.

Әзірге Михаил Жуковтың неден қайтыс болғаны белгісіз. Марқұмммен қоштасатын күн кейін хабарланады. Жуков 56 жаста. Ол 2023 жылдың наурызында HH президенті болды, бұған дейін 2008 жылдан бері компанияның бас директоры қызметін атқарды. Жуковтың сонымен қатар HH және Cyan жылжымайтын мүлікті жарнамалау қызметінің директорлар кеңесінде қызмет еткені белгілі.

HeadHunter – жұмыс, қызметкер табу бойынша Қазақстандағы танымал онлайн-алаң. Бұл бірлестік тобы интернет-рекрутмент нарығында 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның кәсіптік  үлгісі ақпаратты түйіндемелердің дерекқорынан  алуға негізделген.

Cайт мәліметінше, мұнда күн сайын мыңдаған адам жұмыс іздеп табады, жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын жариялайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу