"Хэллоуин" мерекесін атап өтуге қарсылық петициясы жарияланды

856

Петиция авторлары елдің мәдениеті мен менталитетіне жат "Хэллоуин" мерекесінің танымалдығы артып келе жатқанына алаңдаулы, деп жазады inbusiness.kz.

"Хэллоуин" мерекесін атап өтуге қарсылық петициясы жарияланды Фото: study.ru

Қазақстан Президентінің, Үкімет басшысының және Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың атына жолданған петиция авторлары бұл мерекенің шығу тегіне назар аударыпты. 

"Хэллоуин" пұтқа табынушылардың егін жинау құрметіне ұйымдастыратын Самхейн мерекесінен бастау алғанымен, бұл христиандардың "Барша әулиелер күнімен" байланысты. Бұл күні шіркеулерде марқұмдардың рухына арнап дұға оқылады", – делінген петиция мәтінінде.

Бастамашыл топ 31 қазан күні аталып өтетін Хэллоуинді мерекелеу балаларға таңылып  отыр деп алаңдайды. "Мектептерде және тіпті балабақшаларда міндетті атрибуттары бар барлық іс – шаралар өткізіледі. Оның барысында ғимаратқа қорқынышты заттардан әшекейлер ілу, өрмекшілер, қан, асқабақтар, құбыжықтар, өлтірушілер, адам сүйектері, жарақаттар, беттегі жаралар және т.б. Атрибуттар қолданылады", – делінген петиция мәтінінде

Сондықтан бастамашыл топ шығу тегі діни рәсімдерден тарайтын, мереке барысында жасалатын әрекеттері діни мағынаға ие мұндай мерекені білім беру мекемелерінде тойлауға тиым салынуы тиіс деп есептейді. Ата-аналарды шетелдік мерекелердің дендеп енуі мен бөтен мәдениетің жас ұрпаққа таңылуы алаңдатады.

Сондықтан, петиция авторлары "Хэллоуин" мерекесін кез-келген меншік нысанындағы балабақшаларда, мектептерде, шығармашылық студияларда, мектептен тыс білім беру мекемелерінде және т.б. балалармен байланысты мекемелерде насихаттау мен мерекелеуге заңнамалық деңгейде тыйым салуды талап етіп отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу