Херсон үшін шайқаста Ресей шегінуге мәжбүр

708

Әскери сарапшылардың пікірінше, халықты эвакуациялау аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне кері әсерін тигізеді.

Херсон үшін шайқаста Ресей шегінуге мәжбүр Фото: Rada live

Америкалық соғысты зерттеу институты (ISW) Ресей әскери күштері Херсон облысының батысынан шегінуді жалғастырып, маневрлік қорғанысқа дайындалуда деп хабарлайды inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Украинаның бас штабының мәліметі бойынша, Ресей әскери күштері Чаривное мен Чкалово ауылдарын тастап, Берислав қаласынан офицерлер мен дәрігерлер эвакуацияланды. Херсон тұрғындарының көпшілігі үйлерін тастап, көшіп жатыр.

"Ресей әскерлері украиналықтардың шабуылын тежеу үшін түрлі әрекеттерге баруы мүмкін. ISW бұған дейін Ресей әскери күштері шегінген жағдайда ГЭС бөгетін бұзып, аймақтың едәуір бөлігін су басуы мүмкін екенін бірнеше рет айтқан болатын, сондықтан апаттың алдын алу жолында  Жаңа Каховка оккупациялық әкімшілігінің басшысы Каховка су қоймасындағы судың мөлшерін барынша азайтуға тырысуда", – делінген хабарламада.

Сенбіде Ресей билігі "майдандағы шиеленісті жағдайға, қаланы жаппай атқылау қаупінің жоғарылауы мен террористік шабуылдар қаупіне байланысты" Херсонның барлық тұрғындарына қаладан кетуді бұйырды.

Институт сарапшылары Ресей басып алынған аумақтарды тастап, оларды халықсыз қалдыруға тырысатынын, салдарынан Украина азат еткен аудандардың әлеуметтік және экономикалық әлеуетіне нұқсан келетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар сарапшылар екі аптадан бері жалғасып келе жатқан украин энергетикасының нысандарына жасалған шабуылдар украиналықтардың жеңіске деген сенімін азайтпайды деп отыр. Бірақ алдағы қыс келетінін ескерсек, экономикалық және гуманитарлық тұрғыдан кедергілер болары сөзсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу