ХЕҰ: Коронадағдарыс кесірінен 800 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін

1837

Жұмыссыздар қатары еселенетін мемлекеттер рейтингінде АҚШ, Еуропа мен Орталық Азия, Азия-Тынық мұхиты аймағы, Араб мемлекеттері мен Арфика алда тұр. 

ХЕҰ: Коронадағдарыс кесірінен 800 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Коронадағдарыс кесірінен әлемде жұмыссыздар адам саны 800 млн-ға жетуі мүмкін. Халықаралық еңбек ұйымы осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Atameken Business. 

Сонымен, мамандардың есебі бойынша, 2020 жылдың екінші жартысынан кейін планетада тағы 340 млн адам жұмыссыз қалады. Құжатта бұған бірден-бір себеп – пандемияның салдары деп көрсетілген.

Дегенмен, бұл сан өсе түсуі де ғажап емес. Мәселен, 2020 жылдың басында ұйымның алғашқы 6 айға жасаған болжамында 305 млн азаматтың жұмыссыз қалатыны айтылған еді. Бірақ шындығында 400 млн адам тұрықты табысынан айырылып, еңбек биржасына "ізденуші" ретінде қосылған. 

Жұмыссыздар қатары еселенетін мемлекеттер рейтингінде АҚШ, Еуропа мен Орталық Азия, Азия-Тынық мұхиты аймағы, Араб мемлекеттері мен Арфика алда тұр. 

Сарапшылар жұмыспен қамту шарасының 3 сценариін көрсетіпті. Оптимисттік, базалық, яғни тұрақты және писсимисттік жағдайда деп. Бұған пандемияның екінші толқынына байланысты карантин шарасының қайта күшейтілу әсер етпек. Мәселен, Қазақстан осындай тәуекелге баруы мүмкін елдің бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу