Бұл Насраллының Израиль мен ХАМАС арасында соғыс басталғалы көпшілікке арнап жасағалы отырған алғашқы үндеуі.
Қазір Ливанның оңтүстік бөлігіндегі халық ол жерді "Хезболла" соғыс өртіне айналдырама деп бас сауғалап, қаша бастаған.
ХАМАС пен Израиль арасында соғыс басталғалы ливандық топ ауқымды соғысқа бармады. Дегенмен, басшылары "егер Израиль Газада жер үсті соғысын бастаса бізде қалыс қалмаймыз" деп қоқаң-лоққы көрсеткен.
"Хезболла" содырлары ара-тұра Израилдің солтүстік аумағына зымыранмен соққы жасап тұрады. Оған Израиль әскері де жауап қатып жатыр.
"Хезболланы" қолдайтын Al Mayadeen ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Насралла Израиль уақыты бойынша сағат 15:00-де "Иерусалимге барар жолда қаза тапқан шәһидтерді" еске алу рәсімінде сөз сөйлейді.