"Хезболла" Израиль аумағын жаппай бомбалағаны туралы хабарлады

191

"Хезболла" бейсенбіде Израиль әскерінің позициясын тоғыз рет бомбалағанын айтты. 

"Хезболла" Израиль аумағын жаппай бомбалағаны туралы хабарлады Фото: aa.com.tr

Мәлімдемеде бес жағдайда зымырандар, тағы бір жағдайда дрондар қолданылғаны айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соңғы бірнеше күнде Израиль әскери күштері Ливанның оңтүстігіндегі әуе шабуылдары кезінде Хезболланың бірқатар жоғары дәрежелі командирлері мен жедел қызметкерлерін жойғаны туралы есеп берді. 

Әр шабуылға Хезболла ондаған зымырандар мен дрондарды ұшырумен Израильдің солтүстігін жаппай бомбалаумен жауап береді. Ливан тарапынан жаудырылған зымырындар көбіне Израильдің солтүстігінде өртке әкеледі, онда жүздеген гектар жер өртеніп кетті.

Маусым айының ортасында Израиль әскери қолбасшылығы Ливанға шабуыл жасау үшін ұрыс жоспарын мақұлдағанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу