"Хезболла" Израиль нысандарын дрондармен бомбалады

207

Ливан қозғалысының хабарлауынша, Израиль армиясының әскерилері қатарында қаза тапқандар мен жаралылар бар. 

"Хезболла" Израиль нысандарын дрондармен бомбалады Фото: Известия

Ливанның Хезболла қозғалысының ұшқышсыз ұшақтары Израильдің солтүстігіндегі Израиль күштерінің позицияларына шабуыл жасады. Бұл туралы лаңкестік топтың мәлімдемесінде айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Хабарламаға сәйкес, 17 мамырда таңертең Датун елді мекеніндегі камикадзе дронының соққысы 411-ші артиллериялық дивизияның нысандарына дөп тиген.

Израиль армиясының қатарында қаза тапқандар мен жараланғандар бар. ҰҰА Ливанның оңтүстігінен ұшырылды.

Бұған дейін Хезболла Израильдің Ливанның оңтүстігіне жасаған соққысында екі жауынгерінің қайтыс болғанын мәлімдеді.

2023 жылдың 8 қазанынан бастап Израиль армиясымен қақтығыста қаза тапқан Хезболла мүшелерінің саны 299-ға дейін өсті.

Аталған кезеңде 61 бейбіт тұрғын Израиль армиясының Ливанның оңтүстігіне соққыларының құрбаны болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу