Бұл туралы француздық Le Figaro газетіне берген сұхбатында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Саясаткердің айтуынша, БҰҰ-ның 2006 жылғы қарарына сәйкес Израиль мен Ливан шекарасына жақын жерде ағып жатқан Летани өзенінің оңтүстігінде тек Ливан әскеріне қару ұстауға рұқсат етілген.
"Алайда, "Хезболла" бұл аймақта жүздеген туннельдер мен жасырынатын орындар қазып тастаған. Ол жерден біз жаңа ғана ресейлік заманауи қару-жарақтың бірнеше бірлігін таптық", – деп келтіреді басылым Израиль басшысының сөзін.
Бұған дейін The Washington Post (WP) Израиль шенеуніктеріне сілтеме жасай отырып, Ливанның оңтүстігіндегі ЦАХАЛ операциясы кезінде Ресей мен Қытайдың танкке қарсы қаруы табылғанын хабарлады.