Бұл туралы Ливан СІМ басшысы Абдалла Бу Хабиб PBS телеарнасында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Ол (Насралла) келісті. Иә, ливандық тарап келісті. Біз "Хезболламен" тілдестік, (Ливан Парламентінің спикері Набих) Берри "Хезболламен" кеңесіп, АҚШ пен Франция өкілдеріне (қабылданған шешім туралы) хабарладық", – деді министр.
Ливанның премьер-министрі Наджиб Микати өз кезегінде Израиль мен "Хезболла" арасындағы әскери қимылдарды шұғыл тоқтатуға шақырды.
"Ұрысты тоқтатыңыз. Бұдан әрі қан төгілмесін. Бізге бұдан артық қиратудың қажеті жоқ", – деп ол қақтығыстың дипломатиялық жолмен шешілуінен өз елі де, Израиль де пайда көретінін атап өтті.
Насралланың өлімінен бір күн бұрын, 26 қыркүйекте Австралия, Германия, Италия, Канада, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Америка Құрама Штаттары, Франция мен Жапония бірлескен мәлімдеме жасап, Израильге қарсы дереу және тұрақты атысты тоқтатуға шақырды.