"Шура кеңесі [Хезболланың негізгі басқару органы] шейх Наим Қасемді қозғалыстың жаңа бас хатшысы етіп сайлады", - делінген ұйымның мәлімдемесінде.
"Біз "Хезболланың" мақсаттарына жету үшін бірге жұмыс істеуге және жеңіске жеткенше ұйымның туын биік ұстауға уәде береміз", – делінген құжатта.
Бұрын хабарланғандай, Хезболланың өлтірілген жетекшісі Хасан Насралланың (қозғалысты 1990 жылдардың басынан бері басқарған) ықтимал мұрагері Хашем Сафиеддин 27 қыркүйекте Израильдің Бейрутке жасаған соққысының нәтижесінде қаза тапты. "Хезболла" жетекшісінің орынбасары болған Наим Қасем Израиль аумағына соққы беруден немесе Ливанның оңтүстігінде Израиль әскерлерімен соғысудан шегінбейтінін атап өтті.