“Hi-tech” жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды

789

Бұрын жасалған 42 интернет-алаяқтық ашылды, құқыққа қарсы контенті бар 76 сайт бұғатталды.

“Hi-tech” жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды

ШҚО аумағында "Hi-tech" жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Биылғы жылдың 8-14 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында "Hi-tech" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері тегін хабарландыру сайтының көмегімен алаяқтықпен айналысқан 26 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Бұқтырма кентіндегі демалыс базасындағы үйлерді жалға беру сылтауымен ол алдау жолымен ақша алған. Сөйлесу барысында сұраулардың көптігіне байланысты алаяқ жазғы кезеңде үлкен сұраныс болатынын айтып, жалға алынған үйлер үшін төлемді алдын ала сұраған. Осыған сүйене отырып, демалу орнын жоғалтқысы келмей, жәбірленушілер клиенттерімен байланысқа шығуды тоқтатқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл әйелдің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде

Жүргізілген шараның қорытындысына сәйкес 13 қылмыс анықталып тіркелді, бұрын жасалған 42 интернет-алаяқтық ашылып, құқыққа қарсы контенті бар 76 сайт бұғатталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу