Хiaomi компаниясы кредит беретін қосымшаны іске қосты

727

Қосымша интернет арқылы несие алуға мүмкіндік береді.

Хiaomi компаниясы кредит беретін қосымшаны іске қосты

Қытайлық ірі айти компания Xiaomi өз мүмкіндіктерін банк саласында сынап көрмек. Ол үшін, компания mi Credit атты  қосымшаны іске қосты, деп хабарлайды Atameken Business.

Қосымша интернет арқылы кредит алуға мүмкіндік береді.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір қосымшаны Google Play-ден жүктеп алуға болады. Алайда, әзірге қызмет Үндістан азаматтары үшін ғана қол жетімді. Бұл үшін қытайлық компания  бірқатар жергілікті банктік емес несие ұйымдары мен қаржы-компанияларымен келісімге тұрған.  

Mi Credit-тің алғашқы болып Үндістанды таңдауы бекер емес, олардың пайымдауынша, үнді елінің кредит секторы 2023 жылға қарай  $1 трлн-ға дейін өсуі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу