Оқу-ағарту министрлігі Жоғарғы соттың шешіміне түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты KAZINFORM агенттігіне сілтеме жасап.
"Бұл мәселе Білім туралы заңның 5-бабының 39 тармақшасына сәйкес әзірленген орта білім беру ұйымдарында (2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрық) міндетті мектеп формасына қойылатын талаптармен реттелген. Хиджаб – діни киім. Мұндай киім жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейді. Ата-ананың алдында баласының сапалы білім алуы мен жеке қасиеттерін дамыту мәселесі тұруы тиіс", – дейді министрліктен.
Одан бөлек, ведомствоның баспасөз қызметінен мектеп формасын кию ережесі сақталатыны, яғни ештеңе өзгермейтіні айтылды.