Хиджаб киген қыз бірнеше мәрте ұрлық жасаған

2090

Жас қыз Қазақстан аумағында бірқатар ұрлық жасады деп күдіктелуде.   

Хиджаб киген қыз бірнеше мәрте ұрлық жасаған Фото: plov.press

25 жастағы күдіктіні Астана қаласы Байқоңыр ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қарағандыда ұстады, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-сілтеме жасап.

Тамыз айында елорда базарының аумағында болған кезде сатып алушының сөмкесінен 930 мың теңгесін ұрлап кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, ұрлық алдында ол жеке қажеттіліктері үшін несие алған.

Күдікті айналасындағыларға күдік тудырмау үшін хиджаб киіп, әрекет еткен.

Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында ұсталған азаматшаның елдің басқа да аймақтарында ұрлық жасағаны анықталды. Қазіргі уақытта ұры қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу