Хиджаб туралы сөз қозғаймын деп дауға қалған Ұланғасыр Қамиге қатысты шешім шықты

8104

Белсенді әншінің үстінен жазылған арыз қаралмайтынын айтты. 

Хиджаб туралы сөз қозғаймын деп дауға қалған Ұланғасыр Қамиге қатысты шешім шықты Фото: instagram.com/ulangasyrqamiev

Әнші Ұланғасыр Қамиге қатысты іс жабылды. Ол әлеуметтік желіде "Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр" деген пікір айтып, басы дауға қалған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әншінің айтқан пікірімен келіспейтінін айтып Қостанай қаласының тұрғыны Саида Сисембаева Ішкі істер министрлігіне арыз жазған еді. 

“Маған Алматы қаласының полиция департаментінің өтінішімді тіркеусіз қалдыратыны жөнінде хат келді. Өйткені олардың пікірінше, Қамиевтің сөздерінде қылмыс құрамы жоқ екен. Әнші сөзінде әйелдерді күйеулерінің өлтіруін ашық ақтаған болатын еді”, – деп жазды белсенді. 

Сонымен қатар өтініштің мәтінін де жариялап, әншінің үстінен жазылған арыз қаралмайтынын айтты.

“Қамиев Ұ.Ж өзінің Instagram парақшасында тікелей эфир кезінде оқырмандарының қойған сұрақтарына жауап берген. ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын жасамаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұл жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екенін ескере отырып, заңға сәйкес сіздің өтінішіңіз есепте тіркеусіз қалды әрі номенклатуралық іс жүргізу есебінен шығарылды, –делінген ІІМ-нің жауабында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу