Хиджабсыз концерт өткізген әншіге қылмыстық іс қозғалды

Ирандық әншінің концерті онлайн өткен.

Хиджабсыз концерт өткізген әншіге қылмыстық іс қозғалды Фото: euronews.com

Шығармашылық кештің бейнежазбасы интернетте көп таралған соң полиция Парасту Ахмадидің үйіне тінту жүргізген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша, хиджабсыз онлайн-концерт ұйымдастырған әншіге қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр.

Иран билігі концерттің заңды және мәдени стандарттарға сәйкес келмейтінін мәлімдеген. Сот органдары Ахмади мен оның командасына қарсы сот ісі басталғанын растады. Билік оның әрекеттерін белгіленген нормаларды тікелей бұзу ретінде қарастырып, тиісті шараларды қабылдайтынын жеткізді. 11 желтоқсанда өткен шығармашылық кештің жазбасы интернетте кеңінен таралғаннан кейін полиция әншінің үйіне тінту жүргізуге және заттарын тәркілеуге мәжбүр болған.

Ирандық әншінің концерті 500 мыңға жуық қаралым жинаған. Ал инстаграмдағы қысқа тизер ролигін шамамен 2 миллион адам көріп үлгерген.

Жалпы, 1979 жылы Иран билігіне радикал діни топтар келген соң әйелдерге хиджаб кию міндеттелген болатын. Иранның қазіргі заңына сай, әйелдер шашы мен мойнын көрсетпеуі тиіс. Ережені орындамағандарға айыппұл салынады немесе қамалады. Елде басына орамал тақпаған әйелдерге жиі шабуыл жасалатыны рас. Хиджаб кию тәртібін Иранның әдеп полициясы қадағалап отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу