Хиджама жасауды кәсіп қылғандар көбейді

1338

Хиджама жасауды кәсіп қылғандар көбейді

Соңғы кездері қан алдыртумен медициналық сауаты жоқ адамдар айналыса бастауына байланысты хиджаманың қауіптілігі күшейді. Әсіресе, дін жолында жүргендер бұл маңызды істі қосымша табыс көзіне айналдырыпты, деп хабарлайды 31 арна.

Қате жасалған тіліктен адам тіпті өліп кетуі мүмкін. Сорақысы сол, кәсіптің бұл түрімен айналысқандар не мемлекеттік орындардың, не имамдардың бақылауында емес.

"Үй жағдайында қан алдыруға біз қарсымыз. Емдік жағынан гөрі организмге кері әсерлері көп. Ашық болғаннан кейін ол жерге біріншіден  инфекция жиналады. Қанға инфекция түскеннен кейін әртүрлі асқынулар болуы мүмкін. Медицинадан бөлек жерде қан алдырып, ем жасамаған дұрыс", - дейді дәрігер Светлана Ағзамова.

Адам бойындағы  қанды сорып, ем жүргізетіндердің дені әлеуметтік желі және тамыр таныстары арқылы емші атанғандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу