Highvill тұрғын үй кешеніндегі лифтіде ер адамды тоқ соқты

1990

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.  

Highvill тұрғын үй кешеніндегі лифтіде ер адамды тоқ соқты

Елордадағы Highvill (Хайвилл) тұрғын үй кешенінде ер адам тоқ соқты, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Курьер Highvill тұрғын үй кешеніне гүл жеткізген. Кейін ол басқа ер адаммен бірге сол үйдегі лифтіге кірген. Ер адамның қолында қорап болған. Курьер лифтінің батырмасын басқан кезде оны тоқ соққан. Оның жанындағы ер адам көмектеспек болған. Бірақ одан нәтиже шықпаған. Курьердің айтуынша, (лифтідегі батырманы басқан кезде – inbusiness.kz) ол есінен танып қалған. Ауруханада есін жиып, иығы шыққанын, бұғанасы сынғанын білген", - деп жазылған әлеуметтік желіде.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. 

"2021 жылғы 7 тамызда полицияға Highvill тұрғын үй кешенінде 24 жастағы елордалық тұрғынды ток соққаны туралы хабарлама түсті. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметінің өкілі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу