ХІІ жазғы универсиада өтіп жатыр

492

Дода 1 ай көлемінде болады.

ХІІ жазғы универсиада өтіп жатыр Фото: baq.kz

Ақтау қаласында алғаш рет жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІ жазғы универсиада өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл жолы ұйымдастырушылар Дүниежүзілік Универсиада бағдарламасына басымдық берді. Еліміздің 55 жоғары оқу орнынан келген 3000 студент жеңіл атлетика, таеквондо, дзюдо сынды 17 спорт түрінен бақ сынайды. Биыл бәсекенің тағы бір ерекшелігі бір аймақта өтуі. Өйткені, осыған дейін әр спорт түрі әр өңірде өткен болатын. 

"Дайындық өте жақсы. Біз осыған дейін 11 универсиадада футболдан 4 рет чемпион болғанбыз. Және 4 рет күміс жүлдегер болғанбыз. Бізде бұл спорт түрлері бізде жоғары деңгейде. Мынау Университеттің басшылығы, мына спортшыларға көрсетіліп жатқан қолдаулары өте жоғары", - деді М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің ресми өкілі Нұрлан Қыдырбекұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу