Химия өнеркәсібінде 3 жоба іске қосылады

742

Бұл жобалар өңдеу өнәркәсібіндегі өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Химия өнеркәсібінде 3 жоба іске қосылады Фото: primeminister.kz

2021 жылы химия өнеркәсібінде 3 жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ведомство басшысы биыл химия өнеркәсібінде нақты көлем индексі 102%-ға жетуі тиіс екенін жеткізді.

"Фосфат тыңайтқыштар өндірісін 16,6%, аммофос 15,4%, аммиак селитрасы 10,7%, хром қосылыстар өндірісін 13,6%-ға арттыруды жоспарлап отырмыз", - деді Бейбіт Атамқұлов.

Сонымен қатар министр биыл жаңа 3 жоба іске қосылатынын атап өтті.

"2025 жылға дейін бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асыру және минералды тыңайтқыштар өндірісінің қуатын 1,5 млн тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр", - деді ведомство басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу