Химия саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

1296

Марапатты тапсыру рәсімі былтырғыдай онлайн түрде өтеді.

Химия саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Швецияда химия саласындағы 2021 жылғы Нобель сыйлығы асимметриялық органокатализді дамытқаны үшін Беньямин Лист пен Дэвид Макмилланға берілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Нобель комитетінің сайтына сілтеме жасап. 

Өткен жылы Дженнифер Дудна мен Эммануэль Шарпантье CRISPR/Cas9 геномын өңдеу әдісін дамытқаны үшін осы марапатқа ие болған еді.

Марапатты тапсыру рәсімі өткен жылдағыдай онлайн түрде өтеді. Нобель медалі мен дипломнан бөлек лауреаттарға 10 миллион крон беріледі.

Еске сала кетсек, физиология мен медицина саласындағы 2021 жылғы Нобель сыйлығы Дэвид Джулиус пен Ардем Патапутян есімді америкалықтарға бұйырды. Олар температура мен қысым рецепторларын ашты. 

Нобель апталығы барысында әдебиет (7 қазан) саласындағы лауреаттар жарияланады. 8 қазанда бейбітшілік  сыйлығының лауреаты белгілі болады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу