Химиялық кастрация жасауға өтінім келіп түсті

2111

Ол үшін республикалық бюджеттен қаржы қарастырылған.

Химиялық кастрация жасауға өтінім келіп түсті

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның сөзінше, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау министрлігінің химиялық кастрация жасау туралы бұйрығы күшіне енген. Демек, сот шешімін негізге ала отырып, педофилдерге химиялық кастрация жасауға болады.

"Ол үшін республикалық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылған. Бүгінде сот шешімін негізге ала отырып, химиялық кастрация жасауға бір өтінім келіп түсті", – деді Ләззат Ақтаева "Үкімет үйінде" өткен баспасөз мәслихатында.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу