Хит әндердің авторы қаламақыны өзгелерден көбірек алады

985

Алматыда өткен "Абырой" республикалық қоғамдық бірлестігі мүшелерінің жалпы жиналысында осындай шешім қабылданды.

Хит әндердің авторы қаламақыны өзгелерден көбірек алады

Авторлық қаламақы бұдан былай музыкалық немесе басқа да шығармалардың ел арасындағы танымалдылығына қарай төленеді, деп хабарлайды 24.kz.

Сондай-ақ басқосуда ұйымның басшылық құрамы қайта сайланып, авторлық кеңес пен тексеру комиссиясының мүшелері бекітілді.

Бүгінде "Абырой" авторлық қоғамына шығармашылықпен айналысатын 600-ден астам адам мүше. Қоғам мүшелері алдағы уақытта телеарналар мен радио, кафе мен мейрамханаларды жіті бақылауға алуды көздеп отыр. Ереже бұзылған жағдайда ұйым заңгерлері мекемелермен келісімшартты бекітіп, олардың заң талаптарын орындауын қадағалайды. Қаламақының 70%-ы авторға төленсе, 30%-ы "Абырой" авторлық қоғамының заңгерлеріне және өзге де шығындарды өтеуге жұмсалатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу