Лондондағы Хитроу әуежайының ұшу-қону жолағын басқа құстардан күзетіп жүрген Майло есімді алты жасар қаршыға ұрланды. Бұл туралы 3 ақпан күні Sky News телеарнасына сілтемемен ҚазАқпарат хабарлады.
Оқиға әуежайдың жанындағы көлік тұрағында орын алған. Бейнебақылау таспаларына үш ер адамның ішінде қаршыға болған көліктің шынысын сындырып, оны ішінен алып шыққаны түсіп қалған. Полиция болған оқиғаны тергеу үстінде.
Қаршығаның иесі құсты өзіне қайтаратын адамға 1 мың фунт стерлинг көлемінде сыйақы беретінін жариялады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу