ХҚБД-дан алынған қарыз үнемделді

1346

ХҚБД-дан алынған қарыз үнемделді

2009 жылы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізін  қайта жөндеу үшін қарыз алу туралы келісімге қол қойылған болатын. Биылғы жылы Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы автожолдарды қайта жөндеу жұмыстары аяқталып, жобаны іске асыруға  пайдаланылған ХҚБД қарызы үнемделді, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Үкімет үнемделген қаржыны "Құрты-Бұрылбайтал" және "Ұзынағаш-Отар" жобаларын іске асыру үшін пайдалану туралы шешім қабылдап, нәтижесінде 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасында қосымша келісімге қол қойылды.

Осы учаскелерді қайта жөндеуден өткізу 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көзделген.

Ұзындығы 85 км (І санаттағы 4 жолақты жол) құрайтын "Құрты-Бұрылбайтал" учаскесі "Орталық - Оңтүстік" дәлізінің құрамына кіреді және "Астана - Қарағанды ​​- Балқаш - Құрты - Қапшағай - Алматы" республикалық маңызы бар  жолдың бір бөлігі болып табылады.

Ұзындығы 96 км (І санаттағы 4 жолақты жол)  құрайтын "Ұзынағаш - Отар" учаскесі "Алматы – Қордай – Благовещенка – Мерке – Ташкент - Термез" республикалық маңызы бар  жолдың бір бөлігі болып табылады.

Аумақтарды қалпына келтіруге кететін шығынның болжамды көлемі 319,2 млн АҚШ долларын құрайды, оның ішінде Халықаралық қайта құру және даму банкінің қарызы -  271,3 млн АҚШ доллары және республикалық бюджеттен қаржыландыру - 47,9 млн АҚШ доллары.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті мердігерлік компанияларды, сондай-ақ құрылысты қадағалау жөніндегі консультантты таңдауға кірісті. Қарыз алу туралы келісім күшіне енгеннен кейін келісімшарттар жасалатын болады.

Жұмыстардың аяқталуы 2021 жылға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу