ХҚКО-да кезек күтпей, ақылы қызмет алу мүмкіндігі енгізілді

247

Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) жаңа қосымша сервис іске қосылды.  

ХҚКО-да кезек күтпей, ақылы қызмет алу мүмкіндігі енгізілді Фото: КазТАГ

Енді азаматтар қызметтерді басым кезекпен алу үшін жеке менеджердің көмегіне жүгіне алады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, бұл қызметтің бірыңғай тарифі – 6 088 теңге.

Жеке менеджер көлік құралдарын тіркеу, есепке қою және есептен шығару, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру сынды қызметтер бойынша құжаттарды рәсімдеуге көмектеседі.

Бұған дейін қазақстандықтар жүргізуші куәлігін eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн ауыстыра алатыны хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу