ХҚКО-да салық төлеуге болады

Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғындары салықтарын ХҚКО - да төлей алады. 

ХҚКО-да салық төлеуге болады Фото: Егемен Қазақстан

Халық пен бизнеске ыңғайлы болу үшін Мемлекеттік қызмет көрсетудің сервистік тәсілін енгізу және дамыту шеңберінде, сондай-ақ "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын орындай отырып, Алматы қаласының Бостандық ауданындағы ХҚКО - да салықтық қызметтер көрсетіледі.

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметі хабарлады.

Пилоттық жоба 2023 жылғы 10 сәуірде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығында Алмагүл, 9А адресі бойынша басталды.

Мемлекеттік қызметтердің төмендегідей түрлері бойынша құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады:

  1. жеке практикамен айналысатын тұлғаларды тіркеу есебі;
  2.  салық төлеушілерді тіркеу (мемлекеттік қызмет резидент емес заңды тұлғаларға көрсетіледі);
  3. қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі;
  4. бақылау-касса машиналарын есепке қою және есептен шығару;
  5. салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) ;
  6. салық есептілігін қабылдау (салық органының шешімі бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алынған 300.00 СЕН, тарату есептілігінен басқа);
  7. салық есептілігін кері қайтарып алу;
  8. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру;
  9. салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;
  10. бюджеттен қосылған құн салығын қайтару;
  11. салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту;
  12. Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салық нысандарын қабылдау.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу