ХҚКО-ға кезекті @EgovKzBot арқылы брондауға болады

1002

@EgovKzBot Telegram-бот арқылы қол жетімді қызметтердің саны 13-ке жетті. 

ХҚКО-ға кезекті @EgovKzBot арқылы брондауға болады

@EgovKzBot Telegram-ботында жаңа үш қызмет іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" баспасөз қызметі.

Енді Telegram көмегімен азаматтар "Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекті брондай алады. Сонымен қатар "Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы" анықтама ала алады және "Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы" анықтаманы сұрата алады.

Осылай, @EgovKzBot Telegram-бот арқылы қол жетімді қызметтердің саны 13-ке жетті. Азаматтар мекенжай, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы, сотталғандығы болуы не болмауы туралы, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларда қатысуы туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы, тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы,  заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар екендігі туралы анықтамаларын сұрата алады.

"@EgovKzBot арқылы көрсетілетін қызметтердің саны бұдан әрі көбейеді. Барлық танымал қызметтерді осы платформаға көшіруді жоспарлап отырмыз. eGov.kz порталының белсенді пайдаланушылары мен басқа да азаматтарды бот мүмкіндерін қолдануға шақырамын. Өйткені шынымен де оңай әрі тез", - деп "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу