ХҚКО көрсетілген қызметтің нәтижесі туралы sms-хабарлама жолдайтын болады

858

ХҚКО көрсетілген қызметтің нәтижесі туралы sms-хабарлама жолдайтын болады

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі туралы sms-хабарлама жіберу сынақ түрінде іске қосылды.

"Достар, жаңа қызмет түрі – ұялы телефонға  мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі туралы sms-хабарлама  сынақ ретінде іске қосылғанын хабарлаймын", – деп жазды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов Facebook-тегі парақшасына.
Жаңа қызмет "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп әзірленді.
Төрағаның айтуынша "ендігі жерде ХҚКО-ға барып жүрудің қажеті жоқ,  құжаттарыңыз уақытынан бұрын дайын болса, ол туралы sms құлағдар ететін болады".
"Айтпақшы, бұл қызмет тегін көрсетіледі. "Азаматтарға арналған үкіметке" жүгінген азаматтардың өмірін жеңілдетеді деп ойлаймын", – деп атап өтті ол.
"Сондай-ақ sms арқылы  қызмет көрсетудің сапасын бағалауға  болады. Сіздердің бағаларыңызға қарап, сервисті жақсарту бағытында жұмыс істейтін боламыз", – деп түйіндеді Абылайхан Оспанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу