Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz
"Іс жүзінде емтихан тапсырусыз жүргізуші куәліктерін бергені үшін заңсыз жүйелі негізде сыйақы алу және автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қою фактісі бойынша автокөлік иелеріне арналған Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған №2 қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу