ХҚКО-лар карантин кезінде жұмысын жалғастырады

556

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталында қолжетімсіз тек "қағаз" қызметтер (100-ден астам қызмет) көрсетіледі.

ХҚКО-лар карантин кезінде жұмысын жалғастырады

ХҚКО-ның жабылуы туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты, қызмет алуға жүгінетін азаматтардың саны күрт өсті. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі азаматтарды дүрбелеңге салынбауды шақырды.

"Ведомствоаралық комиссияның шешімімен ХҚКО-лар шектеу шаралары енгізілгеннен кейін де санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, өз жұмысын жалғастырады",– деп жазылған хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қорғаныс шаралары қабылданып, фронтофис ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмауға бағытталған жұмыстар қолға алынған.

"Бүгінде облыс орталықтарының, республикалық маңызы бар қалалардың және кейбір аудан ХҚКО-ларында қызметтерді тек алдын ала брондау арқылы ғана алуға болады. Азаматтар egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы брондай алады",– деп түсіндіреді "Азаматтарға арналған үкімет".

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталында қолжетімсіз, тек "қағаз" қызметтер (100-ден астам қызмет) көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу