ХҚКО-лардың жаңа жұмыс форматы: кезек күткен адам көп

767

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы қызметтерді онлайн алуға шақырды. 

ХҚКО-лардың жаңа жұмыс форматы: кезек күткен адам көп

23 тамыздан бастап еліміздегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары келушілерді міндетті броньдаусыз Ashyq қосымшасы арқылы қабылдай бастады. Нәтижесінде ел аумағындағы орталықтарда ұзын-сонар кезек туындап, көпшілік әдетте 5 минуттар шешетін мәселесін сағаттап реттей алмай әлек, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Әлеуметтік желі қолданушылары кезек күткен көпшіліктің суреттері мен видеоларын түрлі пабликтерге салып, шара қабылдауды өтінуде. Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожихов қалыптасқан жағдайды түсіндірді.

"Бүгіннен бастап мемлекеттік корпорацияның фронт -офистері Ashyq жүйесі арқылы алдын ала броньдаусыз қабылдай бастады. Қазір ХҚКО-ларға халық көп келуде. Біздің мамандар барлық келушілерге тезірек қызмет көрсету үшін бар күшін салуда. Келушілерді эпидемиологиялық талаптарды, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, дезинфекциялаушы құралдарды қолдануға шақырамыз ", – деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында. 

Сонымен қатар ол егер мәселе маңызды емес және жедел шешуді талап етпесе ХҚКО -ға баруды кейінге қалдыруды сұрады. 

"Мүмкіндік болса электронды үкіметтің онлайн қызметтерін пайдалану арқылы уақыт үнеумдеуді ұсынамыз", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу