ХҚКО-ларға барған мемқызметшілер жазаға тартылады

801

Себебі ондағы қызметтерді цифрлы қолтаңбамен "egov" арқылы алудың мүмкіндігі барын мемлекеттік қызметкерлер ескермейді. 

ХҚКО-ларға барған мемқызметшілер жазаға тартылады

Анықтама үшін мемлекеттік қызметшілер халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармауға тиіс. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қалалық департаментінің басшысы Жазира Жылқышиева мәлім етті.

Оның айтуынша, қаладағы халыққа қызмет көрсету орындарында кезекте тұратындардың дені мемлекеттік қызметшілер немесе ведомстволық бағынышты ұйым өкілдері. Алайда ондағы қызметтерді цифрлы қолтаңба арқылы "egov" арқылы алудың мүмкіндігі барын мемлекеттік қызметкерлер ескермейді. Енді орталықтардағы жүктемені азайту үшін, тиісті анықтаманы egov арқылы алмаған мемлекеттік қызметкерлер жазаға тартылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу