ХОК 2022 жылғы Олимпиада бағдарламасына тағы 6 спорт түрін қосты

623

ХОК 2022 жылғы Олимпиада бағдарламасына тағы 6 спорт түрін қосты

Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарының тізіміне тағы 6 жаңа спорт түрін қосу жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы халықаралық ұйымның баспасөз қызметі хабарлады деп жазады ТАСС-қа сілтемемен ҚазАқпарат.

Бағдарламаға бобслейден әйелдер арасындағы жеке жарыстар, фристайлдың "бэг-эйр" бағдарламасы бойынша ерлер және әйелдер арасындағы жарыстар, фристайлдан аралас командалық жарыстар (акробатика), сноуборд-кростан аралас командалық жарыстар, трамплиннен шаңғымен секіруден командалық турнир және шорт-тректен аралас эстафета сияқты жарыстар енгізілді.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу