ХОК қазақстандық үш спортшыға Олимпиада медалін табыстайды

879

ХОК қазақстандық үш спортшыға Олимпиада медалін табыстайды

Халықаралық Олимпиада комитеті қазақстандық үш спортшыға Олимпиада медалін табыстайтыны туралы бүгін Ұлттық олимпиадалық комитетіне ресми түрде хабарлама жіберді. Атап айтар болсақ, зілтемірші Алла Важенина мен Анна Нұрмұхамбетова және жеңіл атлет Ольга Рыпаковаға бірнеше жылға созылған тексеруден соң медальдар қайтарылады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық олимпиада комитеті мен Спорттық арбитражды соттың тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 75 келі салмақта бірінші орын иеленген қытайлық Лей Цаоның спорттан шеттетілгенін хабарлайды. Сондай-ақ, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының қайта тексеруінен соң қазақстандық Алла Важенина Бейжің Олимпиадасының алтын жүлдегері деп танылды.

Сонымен қатар, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында үш қарғып секіруден төртінші орын иеленген Ольга Рыпакова спортшылар допинг-сынамасын қайта тексерген соң Олимпиаданың күміс жүлдегері деп танылды. ХОК пен CAS Тәртіптік комиссиясы ресейлік Татьяна Лебедева мен грекиялық Крисопиги Деветциді спорттан шеттетті.  

2012 жылғы Лондон Олимпиадасында ауыр атлетикадан 69 келі салмақ дәрежесінде 5-ші орын иеленген қазақстандық Анна Нұрмұхамбетова Олимпиаданың қола жүлдегері деп танылды. Мұндай шешімге Тәртіптік комиссия Олимпиада ойындарында тиісінше екінші және үшінші орын иеленген Марина Шкерманкова мен Дзина Сазанавецті спорттан шеттеткен соң қабылдады.  

Осылайша, Алла Важенина 2008 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері және Анна Нұрмұхамбетова Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

ХОК медальді табыстау уақыты мен орнын спортшылардың өздері таңдайтынын жеткізді. Естеріңізде болса, Денис Уланов Рио Олимпиадасының қола медалін Ашхабадта өткен әлем чемпионатында қабыл алған болатын.

Айта кетелік, ҰОК халықаралық қатынастар Департаментінің белсенді қызметінің арқасында ХОК және халықаралық федерациялармен медальдарды реттеу жөнінде жедел ақпарат алуға мүмкіндік бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу