ХОК қос Кореяның бір ту астында өнер көрсетуіне рұқсат берді

762

Ендігі жерде Сеул мен Пхеньян баскетбол, көгалдағы хоккей, ескек есуші қыздардан ортақ бір команда жасақтай алады. 

ХОК қос Кореяның бір ту астында өнер көрсетуіне рұқсат берді

Халықаралық олимпиада комитеті қос Кореяның Токиода өтетін кешенді сынға бір ту астында өнер көрсетуіне рұқсат берді, деп хабарлайды 24.kz.

Ендігі жерде Сеул мен Пхеньян баскетбол, көгалдағы хоккей, ескек есуші қыздардан ортақ бір команда жасақтай алады. Сол сияқты Оңтүстік Корея мен Корей Халықтық Демократиялық Республикасының дзюдошы қыздары да бір ту ұстанып, жарысқа шығады.

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах екі елдегі олимпиада қозғалысы өкілдерімен кездесу кезінде біріккен команда қандай да бір іріктеу турнирлеріне бір команда ретінде ғана қатыса алатынын қадап айтты. Демек олимпиадалық іріктеу турнирлерінде бірігіп өнер көрсетуге тиіс, яғни кейін кешенді сын кезінде екі елдің үздіктерінен топ жасақтау мүмкін болмайды.

Былтыр, Пхенчхан олимпиадасында бауырлас елдер ортақ хоккей командасын жарысқа қосты. Алайда, турнир кестесінің соңынан орын алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу