ХОК мүшелері АІВА-ны мәртебесінен айыру туралы шешімге келді

1048

Лозаннада Халықаралық Олимпиада комитетінің 134-ші сессиясы аяқталды.

ХОК мүшелері АІВА-ны мәртебесінен айыру туралы шешімге келді

Жиын барысында ХОК халықаралық бокс қауымдастығын тану мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады, деп жазады Olympic.kz. 

ХОК мүшелері ұзақ уақыт бойы талқылаудан кейін бірауыздан осындай тоқтамға келді. Сондай-ақ, жиынға қатысушы тұлғалар 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерін өткізу мәселесін талқылады. 

Айта кетелік, әзірге Халықаралық гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабэ бокстан өтетін бәсекелерге бас-көз болады. Ватанабэ бастаған топ бокстан өтетін турнир бағдарламасына қатысты өз жобаларын ұсынып үлгерді. 2020 жылы бокстан Олимпиада ойындары 13 салмақ дәрежесінде (ерлерден сегіз, әйелдерден бес салмақ) өтеді.

Іріктеу сындары келесі жылдың қаңтар айында басталады. АІВА өз құқығын Токиодағы Олимпиада ойындарына кейін ғана қалпына келтіре алады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу