ХОК Ресей мен Беларусь спортшыларын командалық спорт түрлерінен шеттетті

392

Халықаралық Олимпиада комитеті ресейліктер мен беларустардың олимпиадаға  қатысуына рұқсат берді. 

 ХОК Ресей мен Беларусь спортшыларын командалық спорт түрлерінен шеттетті Фото: KAZ.NUR.KZ.

Алайда тек нейтралды статуспен өнер көрсетуді ұсынды. Атқарушы комитеттің Швейцарияның Лозанна қаласында өткен бірінші отырысындағы негізгі мәселе осы болатын. Нейтралды позициядан бөлек, спортшылар Украинадағы арнайы операцияны қолдамауы және ресейдің қарулы күштеріне қатысы болмауы тиіс.

Сондай-ақ Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах екі елдің командалық спортшыларын халықаралық турнирлерге мүлде қатыстырылмайтынын айтты. Ресейдің Олимпиада комитетінің басшысы  мұны дискриминация деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу