ХОК Токио Олимпиадасының жарыс кестесін бекітті

665

Бұл туралы ХОК-тың Twitter-дегі парақшасында хабарланды.   

ХОК Токио Олимпиадасының жарыс кестесін бекітті

Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырылған Токио Олимпиадасының кестесі мен жарыс өтетін орындарды бекітті, деп хабарлайды olympic.kz сайты.

 

Жарыс кестесі 2020 жылғы нұсқа негізінде бекітілді. Сондай-ақ, ХОК спортшылар жататын орын мен басты баспасөз орталығы және бродкастерлік орталықтың орналасу тәртібін белгіледі. 

Айта кетелік, Токио Олимпиадасы жоспар бойынша 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. 

Наурыз айының  аяғында ХОК пен Токио ойындарын ұйымдастыру комитеті індетке байланысты Олимпиаданы 2021 жылға ауыстырған болатын. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу