ХОК-тың жаңа вице-президенттері тағайындалды

836

Аталған жиын видеоформатта өткізілді.  

ХОК-тың жаңа вице-президенттері тағайындалды

Швейцарияның Лозанна қаласында өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің 136-сессиясында ұйымның жаңа вице-президенттері тағайындалды деп жазады Olympic.kz.  Олимпиадалық қозғалыстағы маңызды лауазымдардың бірін Австралия Олимпиада комитетінің президенті Джон Коутс иеленді.

Ол координациялық комиссиясының да басшысы саналады. Сондай-ақ, Сингапур өкілі Сер Мианг Нг да вице-президенттік қызметке келді. Олар Угур Эрденер мен Хуан-Антонио Самаранчты алмастырған.  ХОК кеңесіне Микаэла Кожуанко Яворски (Филиппин) мен Херардо Вертхайн (Аргентина) да сайланғанын айта кеткен жөн.  Аталған жиын видеоформатта өткізілді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу