Хоккейден әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан құрамасы үшін маңызды ойын

1562

Осы ойында жеңіске жеткен команда келер жылы ТОП-дивизионда өнер көрсетуге бір табан жақындай түседі. 

Хоккейден әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан құрамасы үшін маңызды ойын

Нұр-Сұлтан қаласында шайбалы хоккейден бірінші дивизионның А тобындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасы үшін маңызды ойын болмақ, деп хабарлайды Olympic.kz.

Осы турнир аясында Қазақстан, Беларусь және Оңтүстік Корея құрамалары екі ойында жеңіске жетіп, алты ұпаймен турнирлік кестеде алда келе жатыр. Өзгерістер бүгін болуы мүмкін. Төртінші ойын күнінің орталық матчында мұз айдын иелері Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі. Осы ойында жеңіске жеткен команда келер жылы ТОП-дивизионда өнер көрсетуге бір табан жақындай түседі. Беларусь құрамасы осы турнирде екі рет жеңілген Словения командасымен ойнайды. 

12:30 - Литва - Венгрия

16:00 - Беларусь -Словения

19:30- Оңтүстік Корея - Қазақстан

Кездесулер тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. 

Кешкі ойынға жанкүйерлер үшін "Барыс Аренаға" дейін арнайы автобустар ұйымдастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу