Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
В тобында бақ сынайтын Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері әлемнің үздік командаларының бірі - Швецияға қарсы шығады.
Айта кетелік, бүгінге дейін Қазақстан командасы топтағы бір ойында ғана жеңіске жетті. Чемпионаттың беташар матчында біздің құрама Франциядан 3:2 есебімен басым түскен болатын.
Кейін Словакияға 2:6, Латвияға 0:2 есебімен жол берді. Турнир кестесінде қазақстандықтар 3 ұпаймен 7-орында келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу