Жексенбі, 14 мамырда Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында Чехия командасымен ойнайды. Жанкүйерлер команданы қолдауға келіп, өздерімен бірге 800 шаршы метрлік Қазақстан туын әкелген.
"Қазақстан – әлемдегі ең үлкен елдердің бірі. Мәдениеті де бай. Біз мультимәдениетті елміз және оны бүкіл әлемге көрсеткіміз келеді. Өзіміздегі Қазақстанның ең үлкен туын жайып, ұлттық құрама мен оның жанкүйерлерін қолдамақшымыз", - деді ұйымдастырушы Думан Қожахмет.
Сенбіде Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында бірінші матч өткізіп, Норвегияны жеңді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу